• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Маусым, 2017

Петропавл халықаралық әскери институтын  209 офицер бітіріп шықты

170 рет
көрсетілді

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Альберт Мәткәрімов, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, соғыс, еңбек ардагерлері, ата-аналар қатысты.

Президент, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы өз қолымен Жауынгерлік туды табыс еткен әскери училище кейін институт және халықаралық мәртебесін алып, осы жылдар аралығында өз қабырғасынан 3 мың офицерді қанаттандырып ұшырды. Олардың 252-і  кілең «5-ке» бітірсе, 54-і  «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» белгісіне ие болды.

 «Институт– еліміз бойынша Ұлттық ұланның офицерлерін дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны. Оның базасында болашақ офицерлер жеті мамандық бойынша әзірленеді және сегіз кафедрада білім алады. Біліктілікті арттыру факультеті жұмыс істейді», дейді еңселі білім ошағының бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов.

Қазақстандық сайыпқырандармен қатар Қырғызстанның бес, Тәжікстанның тоғыз өкілі жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы диплом алды. Түлектердің  алтауы үздік бітірсе,  Бақдәулет Түлебекке «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін»  белгісі тапсырылды және есімі институттың құрмет тақтасына жазылатын болады.

Өмір Есқали, 

«Егемен Қазақстан».